Грек-рим күресі

Хорлан Жақанша: Ұлттық спорттық жүлдеге әрбір спортшы лайық деп ойлаймын

news-banner7
mobile-news-top

30 қараша күні Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан" Орталық концерт залында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен "Altyn Samǵaý-2019" Ұлттық спорттық жүлдесі өтеді.

Аталған жүлдеге үміткер, грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Хорлан Жақанша жүлденің маңыздылығы туралы айтты

- Мені осы жүлдеге лайық спортшылар қатарына қосқаны үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Менен бөлек, еліміздің туын әлемдік ареналарда желбіреткен қаншама спортшы бар?! Солардың барлығы да жүлдеге лайық деп есептеймін. Бұл жерде кім жеңсе де, өкпе жоқ. Ал өзім үшін сәтті өткен осы бір маусым аяқталуға жақын. Азия чемпионатында үштікке енсем, елімізде алғаш рет өткен әлем біріншілігінде финалға дейін жеттім. Қазақ елінің жанкүйерлерін одан әрі қуантуға асықпын. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, -дейді Хорлан.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер