Еркін күрес

Дәулет Ниязбеков: Биылғы маусым мен үшін айтарлықтай сәтті өтті

Дәулет Ниязбеков: Биылғы маусым мен үшін айтарлықтай сәтті өтті
news-banner7
mobile-news-top

30 қараша күні Нұр-Сұлтандағы "Қазақстан" орталық концерт залында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ұйымдастыруымен "Altyn Samǵaý-2019" ұлттық спорттық жүлдесі өтеді. Жүлдеге үміткерлер қатарында еркін күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дәулет Ниязбеков бар. Балуан биылғы маусымды қорытындылап, ұлттық жүлде туралы ойымен бөлісті.

"Өзімді ұлттық жүлдеге үміткерлер қатарынан көріп, аздап таң қалдым. Өйткені, менен де мықты спортшылар бар. Менен де жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар бар. Дегенмен, еңбегіңді елеп-ескеріп, үздіктер қатарынан орын бергені қуантады. Биылғы маусым мен үшін айтарлықтай сәтті өтті. Елімізде өткен лицензиялық әлем чемпионатында күміс медальға иелік етіп, 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама алдым. Алда Олимпиада жылы келе жатыр. Сондықтан, еш босаңсымай, жаттығуды жалғастырамыз", - дейді Дәулет.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер