Бокс

Қайрат Сәтжанов: Азия чемпионатында жоспарды асыра орындады

Қайрат Сәтжанов: Азия чемпионатында жоспарды асыра орындады
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан жастар құрамасы Моңғолияда өткен Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарып, алты алтын жеңіп алды. Команда бапкері Қайрат Сәтжановтің айтуынша, спортшылар құрлықта үздік екенін баршаға мойындатқан.

«Қыркүйек айында боксшылар АІВА базасында жалпы физикалық дайындық өткізіп, жақсы жұмыс істеді. Азия чемпионатында жоғары қарқынмен өнер көрсетуге осы жиынның тигізген пайдасы көп. Ал біріншілік қарсаңындағы соңғы жиынды біз Нұр-Сұлтанда ұйымдастырдық.

Азия чемпионатында әр салмақ дәрежесіндегі боксшыларға түрлі техника мен тактика қолдандық. Әр боксшыға жеке тапсырма берілді. Мәселен, жеңіл салмақтағы боксшылар жекпе-жекте қарқынды бәсеңдетпей, қарсыласты тұқыртып, олардың қателік жіберуіне ықпал ету керек. Ал ауыр салмақтағылар үнемі бірінші нөмірмен жұмыс істеуі қажет.

Орта салмақтағы спортшыларға екінші нөмірмен жұдырықтасып, алдыңғы қолмен жұмыс істеуді және қарсыласпен ара қашықтықты сақтауды тапсырдық. Команданың нәтижесі өте жақсы. Азия чемпионатына кем дегенде үш алтын аламыз деп барғанбыз. Жоспарды асыра орындап, жанкүйерді қуантып жатырмыз. Енді әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз», - дейді аға бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер