Артем Резников Алматыда ашық жаттығу өткізеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Артем Резников (20-6) Алматыда ашық жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы файтер Инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.
- 15 қарашада FINBET орталығының қолдауымен Алматыдағы Almaty Fight Academy залында ашық жаттығу өткіземін. Басталуы 17:00-де. Барлық MMA жанкүйерлерін шақырамын, - деп жазды.
Айта кетейік, Резников 4 қазанда ACA ұйымындағы дебюттік жекпе жегінде ресейлік файтер Хасан Халиевті бірінші раундта жеңген болатын.