Қазақстан грек-рим күресінен әлем Кубогына қатысады

Қазақстан грек-рим күресінен әлем Кубогына қатысады

28-29 қараша күндері Иран астанасы Тегеранда грек-рим күресінен әлем Кубогы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Әлем Кубоыгда Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатынан соң үздік сегіздікке енген командалар бақ сынайды. </span>

<span>Қазақстан балуандары Ресей, Иран және Куба құрамаларымен бірге «А» тобына түсті. «В» тобында Өзбекстан, Грузия, Жапония және Венгрия командалары бар. </span>

<span> Қазақстандық «классиктер» алғашқы матчты Кубаға, екінші кездесуді Ресейге қарсы өткізсе, топтағы үшінші кездесуде кілем қожайындары Иранмен жолығады.  </span>

<span>Әзірге, аталған кубоктік додаға қатысатын балуандар тізімі анықталған жоқ. Әлем кубогі он салмақ дәрежесі бойынша өтеді.   </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или