11 қараша 21:52

Жапониядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Жапониядағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Жапонияда өтетін «Grand Slam» жарысына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына cілтеме жасап.

22-24 қараша күндері Жапонияның Осака қаласында дзюдодан кезекті әлемдік Grand Slam турнирі өтеді. Дүбірлі додаға әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев (60 келі), Жансай Смағұлов пен Жанболат Бағытбергенов (екеуі де 73 келі), Руслан Мұсаев (81 келі), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 келі), Айбек Серікбаев (100 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) қатысады.

Сондай-ақ, Осака татамиінде ел намысын бұрымды балуандардан Отгонцэцэг Галбадрах (48 келі), Севара Нишанбаева (57 келі) және Зарина Райфова (78 келі) қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.