Тағы бір боксшы көз жұмды

Тағы бір боксшы көз жұмды

Әлемде боксшылардың өлімікөбейіп барады. Аустралиялық боксшы Дуайт Ричи спаррингтен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz The Sun басылымына сілтеме жасап.

Ричи өзінің отандасы Майкл Зерефамен жаттығып жүргенде, денесіне ауыр соққы тиген.

Дуайт Ричи 6 желтоқсан күні жартылай орта салмақ дәрежесінде Томми Браун есімді боксшымен жекпе-жекке дайындалып жүріпті.

Боксшының отбасын қолдау үшін краундфандинг платформасында қаржы жиналған. Ричидің артында үш баласы қалды.

Тағы бір айта кетерлігі, Дуайт Ричи бала күнінде екі рет рак ауруымен аурыған екен, алайда ол екі ретте де жазылып кеткен.

Боксшы соңғы кездесуінде ресейлік-аустарлиялық боксшы Тима Цзюден жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или