Никита Чирюкин нысана көздеуден екі дүркін Азия чемпионы атанды
                  <span>Катар астанасы Дохада нысана көздеуден лицензиялық Азия біріншілігі өтіп жатыр. Бүгін сынға түскен Никита Чирюкин жасөспірімдер арасындағы екінші алтынын жеңіп алды. </span>
<span>Қазақстандық жас спортшы 25 метрге тапанша көздеуден МП-5 жаттығуы бойынша Азия чемпионы атанды. Ол жалпы есепте 587 ұпай жинаған. </span>
<span>Күміс және қола медальді тиісінше Қытай және Оңтүстік Корея спортшылары иеленген. </span>
<span>Никита Чирюкин кешегі жарыс күнінде МП-10 жаттығуы бойынша құрлық үздігі атанған болатын.</span>
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или