Әлем Қанат Исламның жеңісін мойындамады
Қазақстанда өткен жекпе-жекте Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы WBO International чемпионы титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен Намибиядан келген Вальтер Каутондоква (18-1, 17 КО) рингке шықты. Исламға тиесілі орта салмақтағы WBO халықаралық чемпионының белбеуі сарапқа салынды.
Төрешілердің шешімімен Қанат жеңіп, өз атағын сәтті қорғады. Сонымен қатар, бесінші раундта африкалық нокдаунға түсті. Үш төреші де жеңісті Қанатқа берді - 97-92, 97-92, 98-92.
Алайда әлем қазақстандық боксшының жеңісін мойындамай отыр.
— Қазақстандық боксшы бесінші раундтан кейін әлсіреп қалды. Каутондоква жақсы өнер көрсетті. Бірақ төрешілер жеңісті Исламға берді. BoxingScene порталы жекпе-жекте Каутондоква жеңді деп есептейді. Андрадемен кездескісі келетін Исламның мүмкіндігі күмән келтіреді. Оған және оның командасына әлі де жұмыс істеу керек, — деп жазды Boxingscene.com сайты.
Қазақстандық жанкүйерлердің ішінде төрешілердің шешімімен келіспей жатқандар да бар. Әлеуметтік желіде пікір жазып жатқандардың көпшілігі бұл жолғы жекпе-жекте Қанат жеңіліп қалды деп есептейді.
Қанат Ислам үшін бұл жеңіс өзінің кәсіби мансабындағы 27-ші жеңісі болды. Вальтер Каутондоква мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады.
Еске сала кетейік, былтыр намибиялық боксшы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі үшін америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 КО) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіліп қалған еді.