Мемлекет басшысы Ольга Рыпакованы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ольга Рыпакованы Вуханда (Қытай) өткен VII Бүкіләлемдік әскерилер ойындарындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Президент өзінің құттықтауын Twitter желісіндегі жеке парақшасында жариялады.
- <span>Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі,биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың,тек алға, - деп жазды Президент.</span>
<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или