Азия чемпионатында Әлішер Жұмақан күміс жүлдегер атанды

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында тректегі велоспорттан Азия біріншілігінің екінші жарыс күні өтуде. Бүгін қазақстандық Әлішер Жұмақан жеңіс тұғырына көтерілді.
<span>Әлішер жекелей із кесу сайысында күмісті қанағат тұтты. Финалда ол Оңтүстік Кореяның намысын қорғаған Сангун Парктен ұтылды. </span>
<span>Айта кетелік, бұған дейін қазақстандықтар командалық із кесу жарысында бесінші орын иеленді. Ал жасөспірімдер командасы екі қоланы қоржынға салды. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или