Велоспорт

Қазақстан велоспорт федерациясының атқарушы директоры тағайындалды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан велоспорт федерациясының құрылымында өзгерістер орын алды. Дмитрий Муравьёв ұйымның атқарушы директоры қызметіне тағайындалды.

Дмитрий Муравьёв – Әлемдік Турдың командасы «Pro Team Astana» сапында және америкалық «RadioShack» жобасында өнер көрсеткен
танымал кәсіби велошабандоз. Қазақстанның ұлттық құрамасында болғанда 1998-жылы Бангокта күміс жүлде, 2002-жылы Пусанда өткен Азия ойындарында қола жүлдені жеңіп алған болатын. Одан бөлек Муравьев «Тур де Франс» көпкүндігінің 4-кезеңінде жеңіске жетті. Сонымен қатар ол көптеген кәсіби веложарыстарда жүлделі орындарға ие болған.

Қазақстандық велошабандоз Almaty Management University түлегі, «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер