Хабиб: Менімен Конор емес, Тони жекпе-жек өткізуге лайықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызUFC чемпиондық белбеуін қорғап қалған Хабиб Нурмагомедов америкалық аралас жекпе-жек шебері Тони Фергюсонмен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
UFC президенті Дана Уайт та Тони Фергюсон жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуге үміткер болатынын айтты.
«Тони Фергюсон менің кезекті қарсыласым болатын шығар, себебі басқа үміткер көріп тұрғаным жоқ.
Одан кейін Жорж Сен-Пьерге қарсы сынға түсуім керек, алайда жартылай орта салмаққа ауыспаймын. Мен тарихтағы жеңіл салмақтағы ең үздік балуан атанғым келеді.
Конор бірнеше жекпе-жектер өткізіп барып, менімен реванш ала алады»,- деді Хабиб.