Еркін күрес

Қазақ балуаны Дағыстанда жеңімпаз атанды

Қазақ балуаны Дағыстанда жеңімпаз атанды
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Дағыстанда өтіп жатқан халықаралық турнир қазақ балуаны үшін сәтті болды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Азамат финалдық белдесуде жергілікті балуан Арсен Али Мусалалиевті 8:5 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда ол Сармат Сархоговты 10:0 есебімен таза жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер