Михал Билек: Кипр футболшылары үш мүмкіндіктің екеуін пайдаланды

Михал Билек: Кипр футболшылары үш мүмкіндіктің екеуін пайдаланды
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Кипрмен өткен ойыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Ойынның алғашқы жиырма минутын өте нашар ойнадық. Кейін ойынды түзеп, үш-төрт рет гол салатын сәттер ұйымдастырдық. Екінші таймда қорғаныс арқылы ойнадық. Ян Вороговскийдің гол салатын мүмкіндігі болды. Сүйімбаев те гол соға алмады. Кипр футболшылары үш мүмкіндіктің екеуін пайдаланды.

- Екінші таймда ойын деңгейі неге төмендеді?

- Бірінші таймда бірнеше рет мүлт кеттік. Үзілісте соны ескерттім. Бүгін біздің жолымыз болмады.

- Қазақстанның бірінші таймда ойының тағдырын шеше алатын жағдайы болды. Келісесіз бе?

- Әрине, алайда бұл - футбол.

- Ян Вороговскийдің ойынына баға беріп өтсеңіз?

- Екі рет гол соғатын мүмкіндігі болды. Ян ойынның қаһарманы атанар еді. Сәттілік серік болмады.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер