Басқа

Тимур Құлыбаев су спорт түрлері федерациясы басшылығынан кетті

Тимур Құлыбаев су спорт түрлері федерациясы басшылығынан кетті
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда Қазақстан су спорты түрлері федерациясының кезектен тыс конференцясы өтті. Аталған жиынға спортшылар мен бапкерлер, конференция делегаттары, аймақ өкілдері, Ұлттық Олимпиадалық комитет басшылары мен Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, сондай-ақ, спорттық қоғамдастық мүшелері қатысты.

Конференцияда федерацияның 2016-2019 жылдар аралығындағы атқарылған жұмыстары талқыланып, алдағы кезеңге қойылған міндеттер нақтыланды.

Федерация президенті Тимур Құлыбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне қайта сайланған соң, тараптардың түсініспеушілігін тудырмау мақсатында су спорты түрлері федерациясының басшысы жөніндегі өкілеттігін тоқтатты.

Конференция қатысушыларының шешімімен, Федерация президенті болып Андрей Крюков сайланды.

Ал федерацияның Бас хатшысы қызметіне Сергей Дроздов тағайындалды. Тимур Құлыбаев жаңадан қызметке кіріскен басшыларға сәттілік тілеп, олардың кәсіби шеберлігін жоғары бағалады.

«Жалпы алғанда, су спорт түрлері Федерациясы нәтижелі жұмыс істеді. Ұзақмерзімді жобалар жүзеге асырылды. Олимпиадалық қозғалыста су спорты түрлері алдыңғы қатарда келеді. Мен қазақстандық спорттың алдыңғы шебінен де осы спорт түрлерінің өкілдерін көргім келеді. Барлық спортшылар мен бапкерлерге сәттілік тілеймін», - деді Құлыбаев.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер