Садриддин Ахмедов Давид Лемьенің андекардында жұдырықтасады

Садриддин Ахмедов Давид Лемьенің андекардында жұдырықтасады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов әлем чемпионы Давид Лемьенің жекпе-жегі андеркардында шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

7 желтоқсан күні Канаданың Монреаль қаласындағы Bell Centre аренасында бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегі жергілікті жұлдыз Давид Лемье мен украиналық Максим Бурсак арасында өтеді.

BoxRec ақпаратынша, аталмыш бокс кешінде қазақстандық Садриддин Ахмедов те жұдырықтасады. WBC тұжырымы бойынша әлем және Азия чемпионының қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетелік, «Солдат Q» аталмыш жекпе-жектен бұрын, 25 қазанда Канаданың Квебегінде 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретемен қолғап түйістіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или