русский язык
Күрес

Ермек Имамбеков: «Медаль әкелеміз деп жоспарлаған едік, алайда ойымыз іске аспады»

Ермек Имамбеков: «Медаль әкелеміз деп жоспарлаған едік, алайда ойымыз іске аспады»

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Ермек Имамбеков дзюдо федерациясының ресми сайтына берген сұхбатында Челябинскідегі әлем чемпионатын қорытындылады.

«Әлем чемпионатына келер болсақ, біз алға қойған мақсатты орындаған жоқпыз, - дейді Ермек Әбуұлы. - Медаль әкелеміз деп жоспарлаған едік. Бұл ойымыз орындалмады. Басқа жағынан алсақ,Айбек Имашев пен Ертуған Төренов секілді жастар үшін қуандым. Екеуі де бесінші орын иеленді.Имашевтің қола жүлдегер атанатын орны еді. Сәл бақ жетіспей қалды. Айбекке «ваззари» емес, «иппон» беру керек еді төрешілер. Болашақта екеуі де өздерін жақсы қырынан көрсетеріне сенемін. Біздің резервіміз жақсы. Риодағы Олимпиада ойындарының алдында бірінші нөмірлі спортшыларымызға бәсекелестік тудыра алады» - деді Ермек Имамбеков.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;