ММА

Арман Әшімов жарақатына байланысты алдағы жекпе-жегінен бас тартты

Арман Әшімов жарақатына байланысты алдағы жекпе-жегінен бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақтандық файтер Арман Әшімовтің (10-3-1) қазан айына жоспарланған жекпе-жек өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Арман Әшімов Нұр-Сұлтанда 19 қазан күні өтетін М-1 Challenge турнирінде канадалық Крис Келадеспен кездесуі қажет еді. Алайда қазақстандық спортшы жарақат алуына байланысты бұл жекпе-жектен бас тартты.

- Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Өкінішке қарай, өздеріңіз көптен күткен жекпе-жектен жарақатыма байланысты шеттедім. Әр нәрсенің қайыры бар демекші қазақ еліне бұдан да үлкен жеңіс сыйлау үшін қайта ораламыз. Алла қаласа, бағындырар белестеріміз бен алар асуларымыз алда. Қанында қайсарлық бар қазақтың қайратын, рухын әлі талай көрсетеміз. Бұл додада ел намысын қорғайтын бауырларымызға Алла жеңіс нәсіп етсін, - деп жазды Арман Әшімов Instagram парақшасында.

Ел астанасында өтетін турнирдің басты жекпе-жегінде ресейлік Сергей Морозов пен америкалық Джош Реттингхауз жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, Әшімов соңғы кездесуін 30 тамыз күні Орынборда өткізіп, бразилиялық Флавио Да Сильва Сантосты жеңген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер