Командалық

NBА vs CCTV: Спорт пенен саясат егіз ұғым

NBА vs CCTV: Спорт пенен саясат егіз ұғым
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың орталық телевизиясы (ССTV) Ұлттық баскетбол ассоциациясының (NBA) жолдастық кездесулерін көрсетуден бас тартты, деп жазады Prosports.kz.

Даудың басы «Хьюстон Рокетс» клубының бас менеджері Дэрил Моридің Гонконгте өтіп жатқан толқуларды қолдау керектігі туралы Twitter желісіндегі жазбасынан шығып отыр. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Мори 5 қазан күні жазбасын жариялап, артынша өшіріп тастаған. Араға екі күн салып менежер кешірім сұрады. Тіпті Моридің твитіне өкініш білдірген қауымдастық арнай мәлімдеме жасады, алайда НБА АҚШ заң шығарушы өкілдерінің сынына ұшырады. Ал баскетбол қауымдастығының адвокаты, әрі комиссары Адам Сильвер сөз бостандығын қолдайды. Оның Мориді жақтаған мәлімдемесі ССTV арнасындағылардың шамына тиген.

«Біз Мориді жақтаушыларға қарсымыз. Сөз бостандығы деген желеулер орынсыз. Ел тәуелсіздігіне, егемендігіне зиянын тигізетін сөздер сөз бостандығына жатпайды», деді CCTV өкілдері.

НБА-ны Қытайда көрсетуге құқығы бар Tencent Holdings «Хьюстон Рокетс» командасының ойындарынан трансляция жасамайтынын мәлім етті.

Олардың хабарлауынша өткен маусымда лига ойындарын 490 миллион қытай жанкүйерлері тамашалаған. Бұл 2014-2015 маусыммен салыстырғанда үш есе көп.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер