Мадина Парагульгова - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Мадина Парагульгова - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Алматы қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Мадина Парагульгова күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

<span>+70 келі салмақта өнер көрсеткен жас балуан ақтық сында бразилиялық Анна Сантосқа есе жіберді.  </span>

<span>Парагульгова алғашқы айналымда Кипр спортшысы Занет Мичаолидоуды, кейін қырғызстандық Шахида Нұрмахамедованы жеңді. Жартылай финалда Мадина франциялық Лиз Нглебеамен кездескен болатын. Белдесу барысында ұтылып жатқан жерлесіміз жекпе-жек аяқталуына 6 секунд қалғанда жеңіске жетті.</span>

<span>Айта кетейік, әлем біріншілігі Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтіп жатыр.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или