Әділ Марлен - әлем чемпионатының қола жүлдегері

Әділ Марлен - әлем чемпионатының қола жүлдегері

Алматы қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты қазақстандық дзюдошы Әділ Марлен қола медаль жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

<span>60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жас балуан қола медаль үшін өткен белдесуде өз отандасы Нұрсұлтан Зайзағалиевті "иппон" ұпайымен жеңді. </span>

<span>Әділ жартылай финалда әзірбайжандық Камран Сүлеймановке "вазари" ұпайымен есе жіберіп, финалға шыға алмады.</span>

<span>Айта кетейік, бүгін «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күні. Қазірге дейін Қазақстан құрамасы бір алтын, бір қола жүлде жеңіп алды. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или