Головкин - Деревянченко QazSport пен Qazaqstan арнасы көрсетеді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекті елімізде көрсететін телеарна анықталды.
5 қазан күні Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden кешенінде Головкин - Деревянченко жекпе-жегін QazSport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. Бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қазанда таңертең басталады.
Айта кетейік, Головкин мен Деревянченко орта салмақтағы IBFжәне IBO чемпиондық белбеулерін сарапқа салады. Бұл кеште екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов те шаршы алаңға шығады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или