Еркін күрес

Данияр Қайсанов: Қателіктермен жұмыс істеу керек

Данияр Қайсанов: Қателіктермен жұмыс істеу керек
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес шебері Данияр Қайсанов бесінші орын алды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген жеңілісінің себебін түсіндірді.

Қола медаль үшін күресте Данияр Қайсанов франциялық Зелимхан Хаджиевтен 3:4 есебімен ұтылған болатын.

«Бұйырғаны бесінші орын болды. Олимпиада ойындарына дейін мүлдем басқа деңгейге өту керек. Франциялық қарсыласымды мен жақсы білемін, араласып тұрамыз. Бір ай бойы Дағыстанда бірге жаттығу жүргіздік. Оған екінші рет есе жібердім. Екі белдесуде де 3:4 есебімен ұтылдым. Енді аздаған демалыс алып, әлем чемпионатына талдау жасап, дайындықты жалғастырамыз.

Менің негізгі мақсатым – медаль алу болатын. Турнир кестесі де айтарлықтай қиын болған жоқ. Франциялық балуанды жеңемін деп ойлаған ем. Өкінішке қарай, жеңіліс таптым. Енді физикалық, психологиялық тұрғыда дайындалу қажет. Шешуші белдесуде аздап босаңсып кеттім, кілемде бар күшімді салу керек еді. Қарсыласым өте тәжірибелі. Жалпы алғанда, қателіктермен жұмыс істеу керек», - деді Қайсанов.

Айта кетелік, Данияр Қайсанов Токио ойындарының лицензиясына иелік еткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер