Еркін күрес

Қайсановқа қола медаль бұйырмады

Қайсановқа қола медаль бұйырмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

74 келі салмақта өнер көрсеткен Қайсанов үшінші орын үшін өткен белдесуде франциялық балуан Зелимхан Хаджиевке 3:4 есебімен есе жіберді.

Данияр кеше 1/4 финалда сүрініп, жартылай финалға өте алмаған. Бірақ бүгін жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігін алды. Алайда қола медаль бұйырмады. Бірақ еншісінде Олимпиада ойындарының жолдамасы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер