Әлішер Ерғали әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Нұрсұлтанда өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының іріктеу сынында қазақстандық еркін күрес шебері Әлішер Ерғали неміс балуанын жеңді, деп жазады Prosports.kz.
Тартысты өткен белдесуде қазақстандық балуан Германия өкілі Тилені 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.
Еске сала кетейік, бүгін Ғалымжан Өсербаев (79 келі), Расул Қалиев (61 келі) пен Әлішер Ерғалилер (97 келі) өз белдесулерін жеңіспен аяқтады. Сондай-ақ Данияр Қайсанов Олимпиада лицензиясына қол жеткізді. <br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или