Эльмира Сыздықова Токио ойындарына лицензия жеңіп алды

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына кезекті жолдама түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК ресми порталына сілтеме жасап.
<span>Әйелдер күресінен 76 келіде белдесетін Эльмира Сыздықова Токио ойындарына лицензия жеңіп алды. </span>
<span>Сыздықова бірінші айналымда америкалық Аделина Грейгке есе жіберген болатын. Қарсыласы финалға жеткен қазақстандық балуан бүгін екі жұбаныш белдесуін өткізіп, жеңіске жетті. Сыздықова алдымен италиялық қарсыласын 10:0 есебімен ұтса, кейін Қытайлық Тайпей өкілін 11:6 есебімен ұтты. Осылайша, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. </span>
<span> Бүгін 18:00-де қола медаль үшін кездесулер басталады. Сыздықова германиялық спортшымен белдеседі. </span>
<span>Айта кетелік, бұл әйелдер күресінен иеленген екінші Олимпиада жолдамасы. Бұған дейін 50 келі салмақтағы Валентина Исламова турнирдің қола жүлдегері атанып, Олимпиада лицензиясына қол жеткізген болатын. </span>