Күрес

Хабиб Қазақстанға келеді

Хабиб Қазақстанға келеді
news-banner7
mobile-news-top

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатына келеді, деп жазады Prosports.kz.

Хабибтің әкесі, әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов Қазақстан астанасына келіп алды. Чемпионның өзі ертең, 18-қыркүйекте «Барыс Аренаға» құрметті қонақ ретінде келеді деп күтілуде.

Еске сала кетелік, Нұр-Сұлтанда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнир 22 қыркүйек күні аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер