Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионын жеңді

Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионын жеңді

Екатеринбургте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының 1/16 финалы аясында Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

Қазақстандық боксшы тай боксшысы Вуттичай Масукпен кездесті. Төрешілер бірауыздан Жүсіповты жеңіске лайықты деп тапты - 5:0.

Айта кетейік, Масук <span>Азия ойындарының алтын және қола жүлдегері (2014, 2010) атанған. Сонымен қатар, ол Оңтүстік-Шығыс Азия ойындарын (2013, 2015, 2017) жеңіп алған.</span>

<span>Жүсіпов болса, 2017 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдені, Азия чемпионатында күміс жүлдені иеленген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или