Асхат Ділмұхамедов Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Асхат Ділмұхамедов Олимпиада жолдамасын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span> Грек-рим күресінен 77 келіде белдесетін ол әлемдік сынның жартылай финалына өтті. Ширек финалда Асхат Ділмұхамедов сербиялық балуанды Виктор Немешті 4:3 есебімен жеңіп, өз жеріміздегі әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті. </span>
<span>Осылайша, Асхат Ділмұхамедов Токио Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді. Бүгін 60 келідегі Мейрамбек Айнағұлов та жолдама иеленген болатын. </span>
<h3><span>Мейрамбек Айнағұлов Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды</span></h3>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или