Грек-рим күресі

Асхат Ділмұхамедов Олимпиада жолдамасын иеленді

Асхат Ділмұхамедов Олимпиада жолдамасын иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Асхат Ділмұхамедов Олимпиада жолдамасын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Грек-рим күресінен 77 келіде белдесетін ол әлемдік сынның жартылай финалына өтті. Ширек финалда Асхат Ділмұхамедов сербиялық балуанды Виктор Немешті 4:3 есебімен жеңіп, өз жеріміздегі әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті.

Осылайша, Асхат Ділмұхамедов Токио Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді. Бүгін 60 келідегі Мейрамбек Айнағұлов та жолдама иеленген болатын.

Мейрамбек Айнағұлов Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер