Ой қорыту
Күрес

Әлем чемпионатына өзге ел атынан қатысып жатқан қандастарымыз

Әлем чемпионатына өзге ел атынан қатысып жатқан қандастарымыз
news-banner7
mobile-news-top

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатындаа өзге елдің атынан бақ сынайтын қазақ балуандары бар. Көрші Өзбекстан мен Қытайдан бөлек мұхиттың арғы бетіндегі Бразилия елінің сапында да спортшыларымыз өнер көрсетіп жүр.

Марат Гарипов

Туған жылы: 1985 жылы

Туған жері: Қазақстан, Тараз қаласы

Азаматтығы: Бразилия

Спорт түрі: Грек-рим күресі

Sputniknews.kz

Олимпиада ойындарына өнер көрсетуді арман еткен Марат қазіргі таңда Латын Америкасында өмір сүріп жатыр. Қазақстанның атынан Олимпиадаға қатыса алмайтынын жақсы түсінген палуан Бразилия федерациясының жасаған ұсынысын қабыл алып, сол жерде еңбек етуде. 2016 жылы бала кезгі арманына бір табан жақын болған. Бірақ Рио-де Жанейро өткен Олимпиаданың алдында ауыр жарақат алып, дүбірлі доданы өткізіп алды. Ендігі мақсаты – 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасы. Бразилия құрамасының сапында Нью-Делиде өткен әлем біріншілігінде қола алды. Ал өткен жылы Перу елінде ұйымдастырылған Панамерика чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көріне білді.

Уәлихан Серікұлы

Туған жылы: 1992 жылы

Туған жері: Қытай, Шынжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы

Азаматтығы: Қытай

Спорт түрі: Грек-рим күресі

unitedworldwrestling.org

Қытай құрамасы сапында да қазақ балуаны бар. Ол – Қытайдың Шынжаң өлкесі, Тарбағатай аймағында туып-өскен Уәлихан Серікұлы. Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта белдеседі. Аспан асты елінің ішкі біріншілігінде екі рет қола жүлдеге қол жеткізген. 2017 жылы Қытай спартакиадасында қола медаль алып көзге түскен. Содан бері қытайлық бапкерлердің көңілінен шығып, Индонезиядағы Азия ойындарында бақ сынады. 2018 жылы Венгрияның Будапешт қаласында өткен күрес түрлерінен әлем біріншілігінде үздік үшіктен көрінді. Айта кетерлігі, Уәлиханмен бірге қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали да жүлдегерлер қатарынан көрінген еді.

Елмұрат Тасмұратов

Туған жылы: 12 желтоқсан 1991 жыл

Туған жері: Өзбекстан, Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Қызық Ту ауылы

Азаматтығы: Өзбекстан

Спорт түрі: Грек-рим күресі

Азаттық радиосы

1955 жылға дейін Қазақ КСР Шымкент облысына кірген Бостандық ауданындағы Қызыл Ту ауылының тумасы. 1991 жылы туған Елмұрат 13 жасында елге оралып, Бекзат Саттарханов атындағы мектеп-интернатта білім алады. Күреске икемі бар болғанымен құрама бапкерлері түрлі сылтаулармен оны шақыртпайды. Ұлттық құраманың сапына іліне алмаған Елмұраттың өзегін өкініш өртеп, Өзбекстанға қайтуға бел буады.

Қазір Өзбекстанның атынан сынға түсіп жүрген Елмұрат біраз белесті бағындырып үлгерді. Үш бірдей әлем чемпионатында үш түрлі салмақта жүлде салды. Бұдан бөлек алты мәрте Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрініп, оның төртеуінде алтыннан алқа таққан. Мансабындағы ең үлкен жетістігі деп 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесін айтуға болады. Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 63 келіге дейін салмақта алтыннан басты үміткерлердің бірі.

Жұматай Шубаев

Туған жері: Қазақстан, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жеңіс ауылы

Спорт түрі: Еркін күрес

SPUTNIK Беларусь

Шетелде еңбек етіп жүрген қандастарымызға Жұматай Шубаевты да қосуға болады. 30 жылдан бері Беларусь елінде өмір сүріп жатқан ол еркін күрестен ұлттық құраманы баптайды. Сондай-ақ Гродненск облысының бас бапкері қызметін атқарады. Ширек ғасырдан астам уақыт еткен еңбегі Беларусь елінде бағаланды. Жұматай Шубаев қазір "Беларусь Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы". Ұзақ жылдан бері шетелде тұрса да отанынан қол үзіп қалған жоқ. Соңғы екі жылда Қазақстан мен Беларусь құрамалары бірлескен бірнеше оқу-жаттығу жиынын өткізген. Алматыда, Таразда екі елдің спортшылары бірге дайындалып, тәжірибе алмасты.

Түпнұсқасы: massaget.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер