Руслан Жапаров пен Смайыл Дүйсебай Гран При турнирінде жеңіліс тапты

Жапонияның Тиба қаласында таеквондодан Гран при турнирі өтіп жатыр.
<span>Қазақстандық таеквондошылар Руслан Жапаров пен Смайыл Дүйсебай жарыстың екінші күнінде жеңіліс тапты. </span>
<span>Отандасымыз Руслан Жапаров бірінші кездесуінде Кот д'ивуар спортшысын 7:1 есебімен ұттып, екінші кездесуінде қарсыласы жарақат алуына байланысты даянгқа шықпай, жеңіс автоматты түрде Русланға берілді. </span>
<span>Ал үшінші айналымда Руслан Рио Олимпийадасының чемпионы Әзербайжандық Радик Исаевтан 18:11 есебімен ұтылды. Ал Смайыл Дүйсебай болса бірінші кездесуінде Тайпей спортшысын 17:7 есебімен жеңді. Одан кейін 2017 жылдың әлем чемпионы, германиялық Александр Бачманнан 13:3 есебімен айласын асырды. Алайда, Смайыл Дүйсебай үшінші кездесуінде 2019 жылдың әлем чемпионы Ресейлік Владислав Ларинге 14:6 есебімен ұтылып, жарыстан шықты.</span>