Жаңа бапкермен жаттыққан Головкин қалай өзгерді

Брэдли Дэвисон твиттер желісіндегі жеке парақшасында Геннадий Головкиннің қазіргі физикалық формасын боксшының 2017 жылғы денесімен салыстырды, деп жазады Prosports.kz.
«Төмендегі сурет - Головкиннің 2017 жылы Абель Санчестің жетекшілігімен жаттығып жүрген кезі. Ал жоғарғы суретте Геннадий Головкин 2019 жылы Джонатан Бэнкспен екі айлық жаттыққаннан кейінгі денесі. Боксшының дайындығы жақсы секілді. Алдағы уақытта Головкиннің не жасағанын көргім келеді», - деп жазды Брэдли.
Айта кетейік, Головкин 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде орта салмақтағы IBF тұжырымының белдігі сарапқа салынады.
Bottom photo golovkin under abel sanchez 2017 in the top photograph gennadiy golovkin 2 months in camp 2019 with Jonathan banks phenomenal shape looking a lot healthier I'm excited to see what the future holds for golovkin . #GGGDerevyanchenko #GGG pic.twitter.com/5mTteF2jKr
— Bradley Davison (@BDspencer2000) 11 сентября 2019 г.