Бокс

«Канелоның» промоутері: Үшінші жекпе-жек ешқайда қашпас

«Канелоның» промоутері: Үшінші жекпе-жек ешқайда қашпас
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен үшінші рет жұдырықтаса алады. «Канелоның» промоутері GGG бұл айқасқа лайық болуы тиіс деп топшылайды, деп жазады Prosports.kz Vringe.com. сайтына сілтеме жасап.

Оскар Де Ла Хояның айтуынша үшінші жекпе-жектің өту мүмкіндігі жоққа шығарылмайды, алайда ұйымдастыру жағы Альварестің айтқанымен болуы керек.

«Қазір орта салмақтағы жағдай өте өзекті болып тұр. Бұрын мен жұдырықтасып жүргенде бәрі басқаша еді. «Канелоның» таңдау жасауына лайықтылар көп. Сол үшін GGG онымен шығуға лайықты болуы керек. Жоғары өрлеп көрсін. Қолынан келсе, жекпе-жек ешқайда қашпас», дейді де ла Хойя.

Еске сала кетейік, мексикалық панчер қазірге кезде Ресей боксшысы Сергей Ковалемпен келіссөз жүргізіп жатыр. Головкин болса, украиналық Сергей Деревянченкомен төбелеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер