Батыс Қазақстанда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді
                  14 қыркүйек күні Орал қаласында кәсіпқой аралас жекпе-жектен (ММА) кезекті "Octagon Global-2" халықаралық турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.
Турнирге Ресей, Украина, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстаннан жекпе-жек өкілдері қатысады. Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде Орал өңірінің тумасы, Octagon лигасының 56,7 кг салмақ дәрежесіндегі чемпионы Алтынбек "Золотой" Мағаз - алматылық Азат "Қазақ" Мақсұмға қарсы өзінің чемпиондық атағын қорғайды. Бұл турнирде сонымен қатар, Аслан Өтеғалиев, Сұлтанбек Меңдібаев сынды жергілікті жас файтерлер күш сынасады.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или