Футзал

«Қайрат» пен «Ақтөбе» Суперкубокты Атырауда сарапқа салады

«Қайрат» пен «Ақтөбе» Суперкубокты Атырауда сарапқа салады
news-banner7
mobile-news-top

Сенбі, 14 қыркүйек күні Атыраудағы «Жайық» спорт кешенінде футзалдан Қазақстан Суперкубогы үшін матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, матч сағат 17:00-де басталады. Онда 2018-2019 жж. футзал маусымындағы Қазақстан чемпионы «Қайрат» пен Қазақстан Республикасы кубогының иегері «Ақтөбе» кездеседі.

Сондай-ақ, дәл сол күні 2019/20 жылғы маусымдағы Қазақстан кубогы алғашқы кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Бұл кезеңдегі ойындар 15-18 қыркүйек аралығында «Жайық» спорт кешенінде өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан кубогының алғашқы кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген әуесқой командалар қатысады. Ал кәсіпқой лига өкілдерінен «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Аят» (Рудный), «Жетісу» (Талдықорған), «Оқжетпес» (Көкшетау) және «Каспий» (Ақтау) бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер