Билек: Ресей ойын барысында нақты қауіпті сәт ұйымдастыра алмады

Билек: Ресей ойын барысында нақты қауіпті сәт ұйымдастыра алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Еуро-2020 іріктеу турнирі аясындағы Ресейге қарсы матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында өз ойын айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Біз қарсыласымыз жайлы өте жақсы білдік және уақыттың көбін қорғаныста өткізетінімізді түсіндік. Бірақ ойын алдында тек қорғаныста жамбастап жатуды жоспарлаған жоқпын.

Ал ойынға келсек, қарсыласта ойын барысында нақты бір қауіпті сәттері болған жоқ. Тек бір ғана стандартты жағдайда гол жіберіп алдық. Бар күшін салған ойыншыларыма бір ұпайдың бұйырмағаны өкінішті. Біз Дзюбаны тұсап ұстадық, оның еркін көсілуіне мүмкіндік берген жоқпыз.

Кипрмен ойыннан кейін сәл шаршаңқы болдық. Сол үшін де бүгін негізгі құрамда көп өзгеріс болды. Ойыншыларымның бәріне ризамын. Ресей құрамасынан біреуді атап өтіңіз? Кешіріңіз, мен өзімнің ойыншыларыма ғана назар аудардым. Сондықтан Ресей ойыншыларының өнеріне баға бере алмаймын, - деді чех маманы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер