Хабиб UFC тарихындағы ең көп гонорарға ие болды

Хабиб Нурмагомедов Дастин Порьені жылдам жеңіп,<span> </span>UFC<span> </span>чемпионы атағын қорғап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Нурмагомедов қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.
Жеңіске жеткен ресейлік балуан 6 090 000 доллар алады. Бұл туралы UFC ресми баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оның 6 миллионы — кепілді гонорар, 50 000 — өнер көрсеткені үшін, ал 40 000 — жекпе-жек алдындағы белсенділік үшін.
6 млн доллар — UFC тарихындағы ең үлкен гонорар. Айта кету керек, Хабибтің гонорарына ақылы трансляцияларды сатудан түскен төлем қосылмады.
Хабибтің қарсыласы Дастин Порье 290 000 доллар гонорар алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или