Грек-рим күресінен әлем біріншілігіне қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды
Әлем чемпионатына қатысатын грек-рим құрамасы балуандарының тізімі анықталды, деп жазады Prosports.kz kaz_wrestlingmode_kz парақшасына сілтеме жасап.
14-22 қыркүйек аралығында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Нұр-Сұлтанда өтетін әлем біріншілігіне қатысатын Қазақстан командасының құрамы жария етілді. Аталмыш әлем чемпионатына барлық 10 салмақта белдесетін балуандар құрамы мынадай:
55 келі. Қорлан Жақанша.
60 келі. Мейрамбек Айнағұлов.
63 келі. Алмат Кебіспаев (команда капитаны).
67 келі. Мейіржан Шермаханбет.
72 келі. Демеу Жадраев.
77 келі. Асхат Ділмұхамедов.
82 келі. Мақсат Ережепов.
87 келі. Азамат Кұстыбаев.
97 келі. Ерұлан Искаков.
130 келі. Мансұр Шадукаев.
Құраманың бас бапкері: Бахтияр Байсейітов.