Темірлан Қалиев семсерлесуден халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

Темірлан Қалиев семсерлесуден халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

Ташкентте семсерлесуден «сателлит» сериясындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстандық Темірлан Қалиев рапирадан үздіктер қатарына енді.

<span>Темірлан турнирдің жартылай финалында түркиялық Мартино Минутоға есе жіберді. Түркиялық спортшы жарыс жеңімпазы атанса, ресейлік Иван Трошин күміс жүлдеге қол жеткізді. Сингапурлік Кевин Чан да қола жүлдегерлер қатарында.  </span>

<span>«Сателлит» дәрежесі жөнінен әлем кубогі кезеңдерінен кейінгі орында тұрған жарыс. Аталған турнирде рейтингілік ұпайлар таратылады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или