Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына кімдер қатысады

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына кімдер қатысады

16-22 қыркүйек күндері Әзірбайжан астанасы Бакуде көркем гимнастикадан әлем чемпионатының өтеді. Әлемдік сында жекелей және топтық көпсайыстан Токио Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.

Бакудегі әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының құрамы белгілі. Жекелей сында Алина Әділханова, Адиля Тілекенова мен Роза Абитова сынға түседі.

Алина Әділханова бірнеше айдан кейін құрама қатарына оралып, екі бірдей әлем кубогінде бақ сынады. Ол жарақатына байланысты биылғы маусымды сәтті өткізе алған жоқ.

Ал Адиля Тілекенова биылғы Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінген болатын. Роза Абитова 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасынан кейін ересектер сапында бірнеше халықаралық турнирлерге қатысты.

Бакудегі әлем чемпионатында жалпы есебі 9 медаль жиынтығы өз иелерін табады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или