Головкин P4P рейтингіндегі 7-орнын сақтап қалды
 
                  Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) ESPN телеарнасы жасаған боксшылар рейтингінде жоғарғы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Он үш сарапшының дауыс беру нәтижесінде Головкин жетінші орында тұр. Үш дауыс беруші Головкинді 4-орынға «жайғастырған», қазақстандық боксшы алтыншы және жетінші орындарды төрт рет алса, бір мәрте сегізінші және тоғызыншы орыннан көрінді. Бір сарапшы оны TOP-10-ға да қоспаған.
ESPN ұсынған үздік P4P боксшыларының ондығы төмендегідей:
- Василий Ломаченко (жеңіл салмақта)
- Теренс Кроуфорд (жартылай орташа салмақта)
- Сауль Альварес (орташа салмақта)
- Наоя Иноуэ (жеңіл салмақта)
- Эррол Спенс (жартылай орташа салмақта)
- Александр Усик (бірінші ауыр салмақта)
- Геннадий Головкин (орташа салмақта)
- Хуан Франсиско Эстрада (екінші жеңіл салмақта)
- Мэнни Пакьяо (жартылай орташа салмақта)
- Майки Гарсия (жеңіл салмақта).
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  
                  
                      Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
                      
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или