Басқа

Qazaqstan Jastar Fest спорт фестивалі басталды

Qazaqstan Jastar Fest спорт фестивалі басталды
news-banner7
mobile-news-top

4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда Qazaqstan Jastar Fest-2019 спорттық жастар фестивалі ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның ресми ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, қала әкімі Алтай Көлгінов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, сондай-ақ белгілі спортшылар қатысты.

Іс-шараның ашылуында мәдениет және спорт министрі фестивальдің маңыздылығын атап өтті: «Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осы іс-шара аясында біз спорттық жастар фестивалін өткізуді жөн деп шештік. Бізді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қолдады. Сондай-ақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Біздің осы бағытта бірнеше жобамыз бар, олардың бірі – бүгінгі өтіп жатқан іс – шара», - деді Ақтоты Рахметуллақызы.

Өз сөзінде ҚР Мәдениет және спорт министрі эстафетаны Алматы қаласына тапсырды. Оңтүстік Астанадан кейін спорттық шеру бүкіл республика бойынша өтеді.

Ашық фестивальге жиналғандар жас каратэшілер мен грэпплинг шеберлерінің өнерін, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері: асық ату, бес асық, арқан тарту және гір спорты бойынша көріністерді тамашалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер