Сәпиев: Спортқа деген қызығушылықты баланың бойында ерте жастан ояту қажет
<span>Бұқаралық спортты дамыту – жергілікті атқарушы органдар мен барлық деңгейдегі спорттық мекемелердің басты міндеті болып қала береді.</span>
<span> Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Президенттің бұқаралық спортты дамыту тапсырмасына байланысты қандай шаралар қолға алынатынын айтып берді. </span>
<span>«</span><span>Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында жас ерекшеліктеріне қарамастан, бұқара арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортты дамыту қажет екендігін де айтты. Бұл өте маңызды міндет деп айтар едім», - дейді Серік Сәпиев. Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы өз сөзінде Мәдениет және спорт министрлігі осы орайда қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.</span>