ГЛАВНАЯ
Порье бапкері: Дастин Хабибті төртінші раундта жеңеді
Порье бапкері: Дастин Хабибті төртінші раундта жеңеді

UFC уақытша чемпионы Дастин Порьенің бапкері Фил Дару жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен өтетін алдағы жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Қазіргі уақытта Порье - ММА-дегі ең үздік файтерлердің бірі. Біз Хабибтің күшті жақтарына бейімделмейміз. Порье физикалық дайын болуы керек, өйткені біз ұзақ жекпе-жек күтеміз.
Менің ойымша, ол Хабибті төртінші раундта жеңеді. Оған барынша көп соққылар жұмсап, шаршатуға тырысамыз, - деді Дару Bloody Elbow берген сұқбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Порье мен Нұрмагомедов арасындағы титулдық жекпе-жек 7 қыркүйекте Абу-Дабиде UFC 242 турнирі аясында өтеді.
UFC 242 турнирінде кімдер өнер көрсетеді: Нурмагомедов - Порье
Хабиб Нурмагомедов Порьемен жекпе-жегі үшін қанша алады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или