Әлем чемпионаты: Жекелей сында жалғыз медаль бұйырды
Токиода өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының жетінші жарыс күні де қазақстандық балуандар үшін сәтсіз болды, деп жазады Prosports.kz.
<span>Бүгін ерлерден +100, қыздардан +78 келідегі спортшылар татамиге шыққан. </span>
<span>Өкінішке орай, +78 келіде бақ сынаған Назгүл Маратова бірінші белдесуінде түркиялық Кайра Саитпен кездесіп, «иппон» ұпайымен жеңілді.</span>
<span>Осылайша, жекелей сында Қазақстан спортшылары жарысты түгел аяқтады. Ертең командалық бәсеке өтеді. </span>
<span>Айта кетейік, Токио төріндегі әлем біріншілігінің бірінші күні құрама қоржынына бір қола медаль түскен. Оны 60 келідегі Елдос Сметов алып берді. Ал екінші жарыс күні қанжығамыз бос қайтты. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или