Арман Әшімов жеңіске жетті
Ресейдің Оренбург қаласында өтіп жатқан М-1 Challenge 104 турнирінде қазақстандық файтер Арман Әшімов жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әшімов <span>бразилиялық Флавио Да Сильв Сантосты төрешілердің шешімімен жеңді. </span>
<span>Қазақстандық спортшы жекпе-жектің алғашқы екі раундында қарсыласынан басым болған. Алайда, шешуші раундта қарсыласының астана түсіп қалып, сәл ырықсыз жағдайда қалды. Сонда да бразилиялықтың қолын сауатты түрде байлап, қуатты соққыларын дарытқан жоқ. </span>
<span>Бұл ең жеңіл салмақта (57 келі) өнер көрсететін Арман Әшімовтің кәсіби аренадағы 12-ші жеңісі.</span>
<span>Айта кетейік, Арман Әшімов биылдан бастап Ғалымжан Есенов басқаратын "Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығының" қолдауымен өнер көрсетеді. Аталған Қоғамдық бірлестік К.Мәсімов басшылық ететін Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының құрамына кіреді. </span>