Серік Сәпиев: Елімізде Спорт университеті ашылады

Серік Сәпиев: Елімізде Спорт университеті ашылады

Болашақта Қазақстанда Спорт университеті құрылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

<span>Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев айтты.</span>

<span>«Болашақта елімізде Спорт университетін құру жоспарда бар. Ол жерде барлық салаларда спортшыларды дайындаумен байланысты түрлі бағытты қамтитын факультеттер болады. Спорт университеті барлық проблеманы шешуі тиіс», - деді ол. </span>

<span>Сонымен қатар, ол бұл бағыттағы жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын айтты. «Біз техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, өзге де мемлекеттік органдармен келісу процедурасын өткізіп жатырмыз. Сондықтан мәселе әзірше ашық, біз барлығын әзірледік, ұсыныс енгізудеміз. Мәселе шешіліп жатыр. Таяу 4 жылдың ішінде шешіледі», - деді Серік Сәпиев.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или