Басқа

Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров әлем чемпионатында бесінші орын алды

news-banner7
mobile-news-top

Венгрияның Сегед қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін каноеден 200 метрге жұптасып жарысудан финалдық бәсекелер өтті.

Финалда сынға түскен қазақстандық Мерей Медетов пен Тимур Хайдаров бесінші орын иеленді. Олар аталған қашықтықты 36.73 секундта жүріп өткен.

Бұл сында алтын медальді Испания құрамасы (36.06) жеңіп алды. Күміс медаль Польша (36.18), қола жүлде Өзбекстан (36.42) еншісінде. Финалға жалпы есебі тоғыз команда қатысты.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер